Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ
КГУ "Областная специализированная школа-лицей-интернат №2 "Дарын", город Астана" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елінді сүй жас ұрпақ!

  Аманжол Әлтаев - айтыскер ақын, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР парламент мәжілісінің депутаты 

Өмір-өзен, асып та, тасып та жатады. Сабасына түсіп, қалыппен де ағады. Бірақ онда тоқтау жоқ. Міне, адам өмірі де соған ұқсас дүние. Үздіксіз ізденумен, тынымсыз үйренумен әр күн сайын, әр сәт сайын жастарға, ұрпаққа аманатымызды адал тапсыруға асығамыз. Себебі, ел де, тарих та, келешек те сол жастардың қолында.Шындық – осы.Бұдан ешкім де аттап кете алмақ емес. Бұл – қазақ халқының «алтын ұрпағы». Мәселе, осы ұрпақтың арбасына біз аға буын нені толтырамыз деген сауалға әр апта сайын болатын "Директор сағаты"жобасындағы конақтар жауап беруде.
 Бүгінгі кездесуге халықтың сүйікті ұлы, айтыскер ақын,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,,ҚР Парламенті VI-шақырылым депутаты ,филология ғылымдарының докторы Аманжол Әлтайұлы қонақ болды. Аманжол Әлтай
Ағамыздың адами болмысымен бірге әп дегенмен Абайдың толық адамы кім?деген сұраққа жауабы көп тағылымныің бетін ашты.Оқушылар үлкен әсер алғаны сонша сұрақтарға жауап алуға асықты.Баөытты балғын балалыққа саяхат жасап, қандай да болсын жетістік арман қиялдан басталатынын ,Отанды сүю,елге қызмет ету,,ата ананы құрметтеу,секілді құндылықтарға тоқталып, өз шығармашылығынан өлеңдерін тарту етті.
 ДОМБЫРАНЫ қолға алып,ән шырқап,балаларға сол жерде өлең шығарып таң да қалдыра алды.,қонақ кәде жасады.Мектеп кітапханасына өзінің төл туындыларын тарту етті.
 Аманжол ағамен өткізген уақыт, жастардың болашағына ықпал ететін, ғибрат алған,танымын арттыруға үлес қосты. Алғыс айтып,керемет көңіл-күймен шығарып салдық.

       

 

Жаңартылған күні: 13.02.2023 12:24
Құрылған күні: 13.02.2023 12:24

Текст