Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ
КГУ "Областная специализированная школа-лицей-интернат №2 "Дарын", город Астана" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті сайт қолданушылары!

Сайтымызға қош келдіңіздер!
Өткен оқу жылы  біздің білім ордамыз үшін де сәтті жыл болды. 
           Мектебімізді  2022-2023 оқу жылын  31 оқушы бітіріп шықса, оның 6-оқушысы  «Алтын белгі» ( Аятхан Балжан, Болсынбек Шуақ, Сағатбекова Арайлым,Кеңес Аймекен , Қабылбек Дидар, Турболат Айым,), 4- оқушы «Үздік» аттестат иегері атанды. Осы оқушылардан Нурсеитова Арина Канада (Сенега),  
2-еуі, яғни Блялов Алихан мен Тынысбек Мұхамедали Туркия мемлекетінде (Анадолу университеті)  оқып жатқандығын мақтанышпен айтамыз. Түлектердің 81%- Қазақстан Республикасының әртүрлі жоғары оқу орындарына  грантпен оқуға орналасты.
        Білім-ол құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста секілді. Не істесе де келістіріп істейді»- деген сөз бар. Ендеше, білім алуға ұмтылған шәкірттерді біліммен сусындататын ұстаздарымыз да, шәкірттеріміз де биылға оқу жылына сақадай сай!   
Олай болса, баршаңызды 2023-2024 оқу жылының басталуымен құттықтаймын!  
Биылғы жылы білім ордамыз лицей атағына ие болды. Ол деген сөз- білім алушыларға  өз бетінше өмір сүруге , бәсекеге қабілетті болуға, жан жағындағы құбылыстарға тез бейімделгіштікке, білім мен ғылымға ұмтылатын тұлға болып қалыптасады.
- Біздің лицей -мектеп-интернат - өмірдің өзі!
- Шығармашылық пен жаңалықтар кеңістігі!
- Білім мен ғылым әлеміне саяхат!
- Таным көкжиегін кеңейтетін, саналы ой қалыптастыратын шеберхана!
- Азаматтық ұстаным қалыптастыратын еркін диалог алаңы!
- Достық, бірлік  пен ынтымақтастық ортасы!
 - Рухы біртұтас жандардың мекені!
Олай болса, білім мекемеміздің сайтына қош келдіңіздер!
 
Мектеп басшысы
                                                                                              

Жаңалықтар


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

«Ақмола – адалдық алаңы»

Текст