Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ
КГУ "Областная специализированная школа-лицей-интернат №2 "Дарын", город Астана" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бақытты отбасы - бақытты болашақ!

Мәселе қайдан шықты?

         Астананың қытырлаған аязы барлық адамды дерлік жай қалдырмайтынын жақсы білеміз. Оңтүстіктің қызы болғаныммен солтүстіктің суығына үйренгеніме көп уақыт болды, Осындай аязды күндерде балалардың жатақханасын жиі  бақылауға алып, тоңып қалмас үшін түнде барып қарап  отыратыным бар. Әдеттегідей, биылғы келген 7-сынып оқушыларының бөлмелеріне бас сұқтым. Демалыстан келген соң,

Ия, балалар үйге ата-аналарыңа барып келдіңіздер. Барлығы аман, жақсы ма? Менің сәлемдемемді жеткіздіңдер ме?
Я , ұстаз. Жеткіздік.
Мен үйге барғанда ең бірінші ата-әжем қуанады. Бауырларына қысып жатады.
Мен үйге барсам туыстарым жиналады ғой, ұстаз!- деп бір  оқушы қуана түсті.

«Баланы - бастан» деген керемет сөз бар. Отбасынан келсе де, көңіл-күйі түсіңкі Асанның жүзіне назар салдым.

Асан саған не болды?
Өз үйіңе барасың, соооол қайтасың...... Сіз үйге барғанда телефон қарамай, аптасына бір барғанда отбасыңа көмектес деп айтасыз ғой. Бірдеңе істеп көмектесе бастасаң жақтырмайды, «сен тупойсың?, қолыңнан дым келмейді»-деп көңіліңді түсіріп тастайды. Сосын желанием болмайды. Мектепке қайтқанша асығасың.

 Міне, отбасындағы бала тәрбюиесінің бір мысалы. Осындай бір емес бірнеше бала қосыла түсті. Оларды тыңдап, ойға баттым. Биыл келген оқушыларым сондай тәп-тәтті, сүйкімді.Оларды жақсы көретінім сонша, көңіл күйлері түссе жүрегім ауырады. Ойлана келе ата-аналармен жұмыс жасағым келді.  Осылайша «Отбасы институтына» қоңырау салдым.

     Тұлғаны тәрбиелеудегі отбасы мен ұстаздың рөлі қандай? Отбасы – баланың өмір сүру және даму ортасы. Отбасының негізгі міндеті – балаларды тәрбиелеу. Баланың дамуының қай жағын қарастырсақ та, бала қай уақытта болса да оның дамып қалыптасуына отбасы үлкен әсер етеді. Жан Жак Руссо – «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туылады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның ата-анасының еңбекқорлығы, ұстанымдылығы, ақыл-ойы,сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Балаға отбасы мүшелерінің ықпалы, отбасы тәрбиесі, яғни отбасы психологиясының әсері зор болмақ

              Әдеттегідей «Директор сағаты» жобасының қонағы  отбасылық психолог- Ержан Мырзабай болды.   Алғашқы  бакалавр білімім - екі шет тіл:  ағылшын, неміс.   Осы білімімен Қазақ-түрік лицейлерінде (қазір БИЛ - Білім-Инновация Лицейлері) тәрбиеші, ағылшын тілі мұғалімі, директор орынбасары, директор қызметтерін атқарған Ержан мырза қазіргі таңда  Қазақастандық отбасылардың ынтымақты өсіп-өқркендеуіне үлес қосып жүрген жан.   Лицейде жұмыс істеп жүріп Педагогика-психология мамандығы бойынша магистратура оқып алған .Лицей ата-аналарына Бала Тәрбиесі тақырыбында тегін семнарлар мен тренингтер өткізе бастаған.

2015 ж. педагогика-психология саласында жинаған білімім мен тәжірибемді жалпы жұртшылықпен бөлісу мақсатында жеке  Отбасылық Психолог болып жұмыс істей бастайды.

2018 ж. Отбасылық Психолоия саласында өзімді дамыту мақсатында отбасылық қарым-қатынас психологиясын 40 жылдан бері ғылыми түрде зерттеп келе жатқан  АҚШ-тағы Готтман Институтында оқып келеді.

Сонымен қатар,  БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) Даму Бағдарламасында (ПРООН) жастарды дамытуға арналған үлкен Орта Азиялық жобаның Қазақстанға жауапты Жоба Координаторы болып жұмыс істейді.     Ендеше, бүгінгі қонағымыз да сол «Отбасы академиясының негізін қалаушы -Ержан Мырзабай! Сәлеметсіздер ме?  Қош келдіңіз  Ержан мырза!

   Әр бала өз отбасында бақытты болуға тиіс. Ендеше  бүгінгі қаралатын сұрақтар  отбасы мен бала тәірбиесіне арналмақ.

Қарастырылған сұрақтар:

Қазіргі қоғамда қарбалас пен күйбең тірлікпен жүріп уақытымыз жоқ деп балаларынан алыстап кеткен ата-аналар өте көп.Оның орнын қалай толтыруға болады?
Бала тәрбиесінде ата-аналардың жіберетін қателіктерін атап бере аласыз ба?
Қазіргі қоғам балаларын ескі тәрбиемен тәрбиелей алмаймыз. Бірақ қазіргі балаларды қалай тәрбиелеу керек?
Қазіргі қоғамда   толық емес отбасылар бар, өгей әке, өгей әкемен арадағы шиіленістер, әке-ананың ажырасулары, туған баласымен әртүрлі қиындықтар туындап жатады. Сіз «Отбасы-қауіпсіз мекен» дегенге келісесіз бе?
Қазір ата-аналардың ажырасуы көп. Оның балаға әсері өте көп. Отбасыны сақтап қолудың қандай принциптерін ұсынасыз?
Әкелі бала жау жүрек  дейді ,әкесіз балалар ше?
Біздің бірінші сабағымыз-әкеміздің қабағы болатын.Бұрынғы әкелердің қабағынан көп нәрсені аңғаратын заман қайда ?
 Бала мектепке оқығысы келмегендіктен әр нәрсені сылтау етіп, ата-анасының шағымын күшейте береді. Мектептің тамағы ұнамайды, немесе тәрбиеші ұнамайды, сыныбы, төсегі, т.б бәрі ұнамайды. Біздегі қағида барлық бала бірдей . Бала басқа мектепке оқығысы келеді, ата-анасы қарсы. Қарсы болғаны былай тұрсын барлық адамға айтқанын жасатқысы келеді, ондайлар бар. Бұл ситуацияда не істеуге болады
 Балаға кейде тым қатал боп кетеміз, немесе еркелетіп жібереміз. Сіз мүмкін екеуімен де келіспейтін боларсыз! Немесе сіздің отбасыңызд
а қандай болды , қазір қалай?
Бір оқушының өткен жолы қойған сұрағын еске түсіргім келді. Ата-ананың біреуі дүниеден өтсе немесе ажырасса ,орнын басушы келесі өгей ана немесе әкені қабылдауға ,жақсы көруге тиіспін бе?-деген сұрақ қойды. Ол сұрақтың астарынан баланың әкесін не анасын сағынғанын байқадым. Балақай сұрақты қоярын қойып жылап жіберді.  Осы сұраққа сіз  қалай жауап берер едіңіз?
Жаһандануға ұмтылған сайын ұлттық отбасы тәрбиесінен алшақтап , балаларымыз  өзімшіл болып бара жатыр деді бірде бір үлкен кісі, қаншалықты рас?
 Білім ордаларында Отбасы институтын құру қаншалықты дұрыс, мектептерде бір ата аналар жиналысына келмейтін, бір жыл бойы мектепке келіп баласы туралы білмейтін, ұстазын сұраса танымайтын да  ата-аналар бар, ол жауапсыздық па? Әлде.......
Бала үшін өмір  даңғылы-көше, баланың ортасын қалыптастыруда көшенің ықпалы туралы не айтар едіңіз?

Кездесу соңында ата-аналар алған әсерлерін бөлісіп, мектеп әкімшілігі мен Ержан мырзаға алғысын білдірді.             

Жаңартылған күні: 05.01.2023 10:46
Құрылған күні: 05.01.2023 10:46

Текст