Текст
2024 жылдың 23 қазан күні мектебімізде 9а сыныбының ұйымдастыруымен Республика күніне арналған «Тәуелсіз елім– Қазақстан» тақырыбында іс-шара өтті. Салтанаттты кешті жүргізушілер Нұрая мен Аслан көрермендерді Республика күнімен құттықтаудан бастады. Әр сынып өздері дайындаған өнерлерін көрсете білді. 7-сынып оқушылары Отан туралы өлеңдерді ммәнерлеп оқыса, домбыра оркестрі «Ер Тұрған» күйін орындады. «Мен қазақпын» , «Жаса Қазақстан» әндері орындалды. 7ә сынып оқушылары флешмоб орындады. 10ә сынып оқушылары видео-құттықтаумен барлық оқушылар мен ұстаздарды құттықтады.