Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ
КГУ "Областная специализированная школа-лицей-интернат №2 "Дарын", город Астана" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәуелсіздігім-тағдырым»

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Директор сағаты» жобасы  «Тәуелсіздігім-тағдырым» тақырыбына арналды. 
Жобаның қонағы: еліміз Тәуелсіздігін алған жылдары елге оралып, кәсіп ашып, еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген «Әдемі-Ай» компаниясының президенті және этнограф, ұлттық музейтанушы Бахаргул Төлеген. 
Бахаргүл Төлегенқызы – танымал топтамашы-этнограф, Қазақстандағы түркі халықтарында сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдарының бірден-бір жеке мұражайының иегері болып табылады.  Қазақ ұлттық кәдесыйларын жасап шығаратын «Әдемі-Ай» компаниясының президенті.

 Балалық шағы мен жастық шағы Қытай Халық Республикасында өткен Бахаргүл Төлеген бала кезіндегі арманын жүзеге асырды, 1994 жылы тарихи отанына оралды.  Сол сәттен бастап Бахаргүл өмірін қазақ ұлттық мәдениетін насихаттауға, әрі құнды тарихи жәдігерлерді сақтауға арнады. Бахаргүл Төлегеннің барлық жұмыстарынан ұлттық рухтың нақыштарын, қазақтарда сирек кездесетін бұйымдардың құпиясын ашқысы келетін тілегін көреміз.  Бахаргүл ханым қазақ мәдениеті мен этнографиясын ағарту және насихаттау мақсатында Қазақстандағы ғана емес, сондай-ақ шетелдік көрмелерге де қатысқан.  Сирек кездесетін бұйымдар топтамасымен: Бүкіләлемдік қазақ қауымдастығының 15-жылдығына арналған қазақ шеберлерінің қолданбалы және заманауи өнер әлемінің «Елім-ай» көрмесіне, «Тараз-2000» көрмесіне; Бүкіләлемдік қазақтардың ІІ құрылтайына (Түркістан, 2002 ж.), Шағын қазақ құрылтайына (Швеция, Вестерос 2003 ж.); «Наурыз» көрмесіне (Алматы, 2004 ж.); Бүкіләлемдік қазақтардың ІІ құрылтайына (Астана, 2005 ж.), Шағын қазақ құрылтайына (Германия, Мюнхен, 2007 ж.); Кәдесыйлардың халықаралық «Ару-2007» (Алматы), «Қиял ғажап әлемі» (Астана, Думан, 2007 г.) көрмесіне; Кәдесыйлардың халықаралық «Ару-2008», «Ару-2009», «Ару-2010», «Ару-2010» көрмесіне қатысқан.  Әрбір өткен көрмеден Бахаргүл ханым қазақ мәдениетін дамытуға қосқан бағалы үлесі үшін ұйымдастырушылар тапсырған алғысхаттар мен дипломдарды алып келеді.

 2009 жылы Бахаргүл Төлеген Әбілхан Қастеев атындағы мұражайда және Астанадағы Мемлекеттік алтын және бағалы металдар мұражайында «Жүрегімде – Отаным» атты ерекше этно жәдігерлік жеке көрме ұйымдастырды.  Экспозицияға зергерлік бұйымдар ғана емес, сондай-ақ көшпенді қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары, атты ерттеуге арналған керек-жарақтар, тоқылған бұйымдар, семсер, сауыт және басқа да ерекше бұйымдар ұсынылды. 2010 ж.  Алматы қаласындағы Мемлекеттік Орталық мұражайда «Жүрегімде-Отаным» атты жеке көрмесін тағы да жалғастырады.Қазіргі уақытта «ЭКСПО»  ғимаратында «Жауһар жаһұт» көрмесі 10 жылға қойылып, өскелең ұрпаққа тарту етілді. 
          Шара барысында оқушылардың қызықты сұрақтарына жауап бере отырып, өзінің жарық көрген «Қазақ қызымын» атты кітабын көпшілікке тарту еткендігін, кәсіпкер боламын  деген жастарға кеңестер жазғанын айта отырып, мектепке тарту етті.Оқушылар ұлттық құндылықтарды қалай жинағандығы, осындай жетістікке қалай жеткендігі туралы сұрақтар қойып мардымды жауаптар ала білді.

Жаңартылған күні: 28.12.2022 12:12
Құрылған күні: 28.12.2022 12:12

Текст