Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ
КГУ "Областная специализированная школа-лицей-интернат №2 "Дарын", город Астана" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«KOMEKTIMES» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы ақпараттық анықтама.

«KOMEKTIMES» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы ақпараттық анықтама.

Ақмола облысы білім басқармасына қарасты «Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ «KOMEKTIMES» бағдарламасы аясында Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты  Оразақ орта мектебімен серіктестік жайлы келісімшарт негізінде қызмет атқарады. Серіктестіктің негізгі мақсаты қазіргі әлемдік білім кеңістігіне ену кезеңінде белгілі бір дәрежеде сабақтастықты қалыптастыру арқылы  тереңдетілген білім беруді жүзеге асыратын мамандандырылған мектеп пен жалпы білім беретін мектептің ғылыми - әдістемелік жұмыстарын бірігіп жүргізуге мүмкіндік жасайтын, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, оқу үдерісіне инновациялық жобалар мен технологияларды жүзеге асыруда іс-тәжірибелерді талқылау болып табылады.

Алдыңғы кезекте мектеп-лицей интернаттың басшысы ауысуына және оқу ордасының атауының өзгеруіне байланысты 2022 -2023 оқу жылы жаңадан жоспар құрылып, екі жақты толғандырылған мәселелер анықталды. Мамандандырылған мектеп-лицей- интернаттың кадр әлеуетіне сәйкес, ауыл мектебіне әдістемелік көмек, жас ұстаздарға арналған семинар-практикумдар, шеберлік сыныптарының тақырыптары белгіленді.

Алғашқы кездесу онлайн форматта ZOOM платформасында өтті. 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хат, сабақты жоспарлау, күнтізбелік–тақырыптық жоспар құру ерекшеліктері түсіндірілді.

 Оразақ ауылының жас педагогтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында мектеп-лицей-интернат директоры Р.Шамуратова «Айналайын» жас педагогтар қоғамдастығын құрды.

Меморандум аясында жыл бойына аймақтық семинарлар, конференция, ата-аналармен бірлескен жұмыс жоспарланған.

Серіктес мектеп педагогтарымен үздіксіз байланысты жүзеге асыру үшін telegram әлеуметтік желісінде «Дарын-Оразақ. Komektimes» чаты қызмет атқарады.

Екі тараптың педагогтары шығармашылық, әдістемелік байланысты жалғастырмақшы.

 

 

                    Мектеп-лицей-интернатдиректоры                              Р.Шамуратова

фото

Жаңартылған күні: 29.12.2022 16:17
Құрылған күні: 29.12.2022 16:17

Текст