Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ
КГУ "Областная специализированная школа-лицей-интернат №2 "Дарын", город Астана" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көрнекті ақын, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері, шахмат спорт шебері Берімбай Ысқақұлының 80 жылдық мерейтойына байланысты ардагерлер және жастар арасында ұйымдастырылған шахмат турнирі өтті.

          2024 ж. 7 ақпан күні мектеп-лицей-интернатта  көрнекті ақын, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері, шахмат спорт шебері Берімбай Ысқақұлының 80 жылдық мерейтойына байланысты  Астана қаласында Ардагерлер және жастар арасында ұйымдастырылған  шахмат турнирі өтті.  

         Турнирді «Астана қаласының №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат директоры Р.Шамуратова ашты. Турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирге 1 мастер спорта, 10-1,2 разрядты  шахматистер және оқушылар қатысты.   Шахмат турниріне біздің мектептен 4 оқушы қатысты: Жақсылық Ерасыл, Құстаев Алмас, Карасай Даниял, Ербол Аслан. Турнирдің  бас төреші және хатшы - Хали Хуаныш . Жүлделі орын 1-5 дейін. Орын иеленбей қалған шахматшыларға ынталандыру  сыйлық берілді. Шахмат турнирінің ережесі бойынша  екі тақ санның кішісі, екі жұп санның үлкені,  тақ санмен жұп санның  кішісі «ақпенен» көшіп ойынды бастайды. Қаржылай демеуші Ысқақұлы Берікбайдың  балалары.

          Турнирдің қорытындысы  бойынша  1 орынға  шахмат спортының мастері Жакей ата иеленді, 2-орынға Жақсылық Ерасыл мен Аманбол ағай ие болса, Құстаев Алмас -5 орынға, Қарасай Даниял  -6 орынға, Ербол Алмас -8 орынға ие болды. Жүлделі орынға ие болған шахматшылар «Алғыс хат» және қаржылай марапатталды. Қалған қатысушылар «Алғыс хатпен» марапатталды.  Шахмат турнирі осылай өз мәресіне жетті.

  

 

  

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 09.02.2024 12:21
Құрылған күні: 09.02.2024 12:21

Текст