Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ
КГУ "Областная специализированная школа-лицей-интернат №2 "Дарын", город Астана" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Томирис» қыздар клубының құрметті қонағы Ләйлә Сұлтанқызы Сеңгірбекова , «Балапан» телеарнасының директоры, «Кино+сериал» баспасының Бас редакторы, «Әйел бақыты» ток-шоуының авторы әрі жүргізушісі, «Kazmedia Mobile» ЖШС бас директоры

2023ж  4 желтоқсан күні «Томирис» қыздар клубының  құрметті қонағы Ләйлә Сұлтанқызы Сеңгірбекова , «Балапан» телеарнасының директоры, «Кино+сериал» баспасының Бас редакторы, «Әйел бақыты» ток-шоуының авторы әрі жүргізушісі, «Kazmedia Mobile» ЖШС бас директоры қыздармен кездесуге келді. Ләйлә Сұлтанқызы  1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.1997 - 1998 жылдары «Интерньюс-Қазақстан» ҚҚ телерадио журналистика курсын оқыған.

   Ләйлә Сұлтанқызын мектеп директоры Р.Шамуратова қыздарға таныстырып өтті. Әрі қарай қыздармен әңгімені қонағымыз өзі жалғастырды. Ләйлә С қыздарға өздерін ата-аналармен қалай сырласу керек, достармен қандай қарым-қатынаста болу керек, уақытты қалай қызықты өткізу керектігі туралы әр түрлі әңгіме айтып жеткізді. Осының бәріне тәртіп керек деп түйіндеді қонағымыз. Қыздар да қонаққа сұрақтар қойып, жауабын алды. Кездесу өте қызықты өтті. Кездесудің соңында Ләйлә Сұлтанқызы қыздармен, мұғалімдермен фотоға түсті.

   

Жаңартылған күні: 11.12.2023 16:05
Құрылған күні: 11.12.2023 16:06

Текст