Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ
КГУ "Областная специализированная школа-лицей-интернат №2 "Дарын", город Астана" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту

25.04.2023

 Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қызметі элективті және қолданбалы курстар арқылы жүзеге асады.

Элективті курстар білім алушылардың бейіні мен кәсіби өзін-өзі анықтауын қамтамасыз етеді.

Элективті курстардың көптеген функциялары мен міндеттері бар:

- бейінді оқу пәндерінің бірін, оның тарауын жоғары деңгейде меңгеруін қамтамасыз етеді

- пәнаралық негізде өзара байланысы бар оқу пәндерін меңгеруге қызмет етеді;

- бірнеше базалық оқу пәндердің бірін меңгеруде жоғары деңгейді қамтамасыз етеді;

- практикалық маңызды тапсырмаларды шешу үшін қызметтің дағдылары мен әдістерін қалыптастыруға көмектеседі;

- кәсіптік бағдар бойынша жұмыстың үздіксіздігін қамтамасыз етеді;

- өмірлік жолын таңдауды жүзеге асыратын мүмкіндіктер мен тәсілдердің қалыптасуына ықпал етеді;

- өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуге, танымдық қызығушылығын қанағаттандыруға себеп болады;

Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен

1. «Эссе, оның түрлері, бағалауға қойылатын талаптары, өлшемдері». Негіздемесі: оқушы өз ойын, танымы мен парасатын, көзқарасын жинақы түрде жеткізе алатын дәрежеге жетеді, сыни ойлауы дамиды, өз ойын еркін жеткізуге, дәлелдер мен аргументтер арқылы өз пікірін ашық айтуға дағдыланады, өзіндік көзқарасы, позициясы айқындалып өмірде жеке тұлға ретінде қалыптасады, шығармашылығы дамиды. (Құлмағанбетова Ж.Т, әдістемелік кеңесте қарастырылды №5, 2022 жыл)

2. «Абайтану» курсы. Негіздемесі: ұлы Абай шығармашылығын толық игерту арқылы поэзия құдіретін таныту, әлем әдебиетімен салыстыра отырып, қазіргі өмірмен байланыстыруға үйретеді.(Балтабайқызы Ақжарқын, әдістемелік кеңес №5, 2022 жыл)

3. «Елтану сабағы» курсы елтану сипатындағы білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, Қазақстан және басқа елдер, олардың географиясы, сол елде тұратын 158 халықтар, көрікті жерлер, салт-дәстүрлер туралы білімдерін тереңдетуге ықпал етеді. (Есенаманова А.Д, әдістемелік кеңес №5, 2022 жыл )

4.  «Әлемге саяхат» курсы білім алушыларды белгілі бір елдердің, сондай-ақ ірі аумақтар мен құрлықтардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті, әлеуметтік құрылымы, т.б. туралы мәліметтерді жинақтау, қызығушылығын арттыру, қазақ халқының салт-дәстүрімен салыстыруға үйретеді ( Нуракенова А.К, әдістемелік кеңес №5, 2022 жыл).

5. Тапсырмалар мен жаттығулардағы химия (Мұғалімі Мұқатай Мұқит, әдістемелік кеңес №5, 2022 жыл)

Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 26.01.2022 ж. №25 бұйрығы) 7-9-сыныптарда білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында вариативті компоненттен биология, география пәндеріне қосымша 1 сағаттан қарастырылды. (мұғалімдері Калданбекова А.Д, Дастурбаев Ш.У)

6. Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындық курсы (Макурина Е.Е, Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» сайысында жүлделі орын алған, облыстық әдістемелік комиссия шешімімен бекітілген, қыркүйек 2021 жыл)

7. Ключевые задачи по алгебре (Григорьева Н.Е әдістемелік кеңес №5, 2022 жыл, )

8. «Культурология» (Макурина Е.В әдістемелік кеңес №5, 2022 жыл, )

Шығармашылық және зерттеушілік жұмыс төмендегідей үйірмелер арқылы жүзеге асырылады:

1.      «Жас өркен» театры, жетекшісі Ғазизов Ғ.Д. Негіздемесі: Аталмыш театр үйірмесі бірнеше жыл қатарынан облыс деңгейінде жүлделі орындар алуда және интернат оқшыларына толық күн жағдайында бос уақыттарын тиімді пайдалану, эстетикалық, адамгершілік, гуманистік тәрбие беру көзделген.

2.      Робототехника, жетекшісі Жумагалиева Г.Н, STEM кабинетінің толыққанды жұмыс атқаруы және балалардың бойында өнертапқыштық қасиеттің дамуына бағытталған.

3.      Вокал, жетекшісі Муканова Г.Б, оқушылардың талантын, шығармашылығын дамыту мақсатында құрастырылды.

4.      Домбыра, құрастырушы Есмаганбетова Б.Н, оқушылардың талантын, шығармашылығын дамыту мақсатында құрастырылды.

5.      Хореография, құрастырушы Есмаганбетова Б.Н оқушылардың талантын, шығармашылығын дамыту мақсатында құрастырылды.

6.      Дебат клубы, құрастырушы Спанова А.К, оқушылардың сөз шеберлігін, ұшқыр ойын дамытуға бағытталған.

7.      Поэзия клубы, жетекшісі Ж.Құлмағанбетова. Оқушыларды Қадыр Мырзалиев оқуларына,  Мағжан оқуларына, Сәкен оқуларына, Мұқағали оқуларына, Мәшһүр Жүсіп оқуына тағы басқа поэтикалық, прозалық мәнерлеп оқу сайыстарына балаларды дайындауды мақсат тұтқан жұмысты көздейді.

8.      «Жас тілші» үйірмесі, жетекшісі Ғазизов Ғ, Д Мектептің оқушыларымен әлеуметтік желіде және мерзімдік түрдегі басылымдарды жарыққа шығаруды нысанаға алады.

9.      «Жас қаржыгерлер», жетекшісі Шамуратова Р.Ш, жоғары сынып оқушыларынан топ бизнес кейстерді құрып, экономикалық мәселерді шешетін жобалармен айналысады.

10.    Дебат клубы, «Ділмәр» шешендік клубы сынды үйірмелер де оқушыларға аса пайдалы болады мақсатпен таңдалды.

 

 

 

 

 

  Директордың ҒӘЖ орынбасары                         Ж.Құлмағанбетова

Просмотров: 6564


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст