2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп
1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді Ақмола облысы білім басқармасының «Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ білім беру ұйымы көрсетеді.
Заңды мекенжайы: Астана қаласы, Затаевич көшесі, 14.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
№2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ 10 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2025 жылы №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» 113 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Оның ішінде:
электрондық үкімет порталы арқылы – 1 мемлекеттік қызмет;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 1 мемлекеттік қызмет;
қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы – 86 мемлекеттік қызмет;
қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері «Ұстаз» платформа арқылы – 25 мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар 12 өтініш бойынша берілді, оның ішінде: 11 – электрондық форматта және 1 – кандидаттың өзі бас тартуы бойынша.
.Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау (оқуға қабылдау)».
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер
Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының интернет-ресурсында https://sc0001.aqmoedu.kz «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.
Сондай-ақ білім беру ұйымынның ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
2025 жылы №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты 2 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде: тікелей эфир 1 және 1 брифинг .
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
№2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында мемлекеттік қызметтерді 4 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері
Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу нысанында жүзеге асырылады.
2025 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері
2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ қатысты ескертулер жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары
Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:
Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;
қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.
Мектеп директоры Ж.Т.Кульмаганбетова
Орынд: Р.К.Бужбанова
Тел.: 8-701-625-76-01